Германияда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың бір тәулікте рекордтық 236 мыңнан астам жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш екені мәлім болды. Денсаулық сақтау министрлігінің құрамына кіретін және статистика жүргізумен айналысатын Роберт Кох институты осындай ақпарат таратты.
Институттың мәліметінше, соңғы тәулікте 236 120 адам коронавирус жұқтырған, дерттен 164 науқас қайтыс болған. Алдыңғы антирекорд қаңтар айының ортасында тіркеліп, 92 мыңнан астам адам дертке шалдыққан еді.