Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
«Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. 5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ», делінген жазбада.