• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 03 Ақпан, 2022

Ақ Олимпиада: Қазақстандық спортшылар үшінші ақпанда қандай нәтиже көрсетті?

655 рет
көрсетілді

Бүгін Қысқы Олимпиаданың бағдарламасына сәйкес фристайл-могул спортының шеберлері сынға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл сында әйелдер құрамасының сапында Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко ел намысын қорғауға тиіс болған. Алайда олардық ешқайсысы бірінші мүмкіндіктен финалға өте алмады. Аяулым Әміренова 16 орыннан көрінсе, Олеся Граур 23 орынға табан тіреді. Анастасия Городко доданы аяқтай алмаса, Юлия Галышева жарысқа шыққан жоқ.

Ерлер арасындағы аламанда да асығымыз алшыдан түспеді. Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд додаға араласқанымен, алғашқы мүмкіндіктен финалдық жолдаманы қалтаға салған жоқ. Рейхерд 12 орынға табан тіресе, Колмаков 17 орынға тұрақтады. Енді бұл спортшылардың барлығы екінші мүмкіндіктерін күтеді.