• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 04 Ақпан, 2022

Олимпиаданың ашылу салтанаты «Құстың ұясы» ұлттық стадионында өтеді

1039 рет
көрсетілді

4 ақпанда Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанаты «Құстың ұясы» ұлттық стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда бұл шараның тікелей трансляциясын үш телеарна – «Хабар», «Qazsport» және «Qazaqstan» ұйымдастырады.

Ол Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады. Қазақстанның ашылу салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев пен конькиші Екатерина Айдова ту ұстайды.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар 109 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Бұл жарыстарға Қазақстан құрамасы 34 спортшымен қатысуда. Отандық спортшылар Олимпиаданы 3 ақпанда бастады. Алғашқы болып фристайлшылар шықты. Ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандықтардың ешқайсысы бірінші әрекетте финалға шыға алмады (екінші іріктеу 5 және 6 ақпанда өтеді). 

Соңғы жаңалықтар