• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Ақпан, 2022

Жылыжайға есірткі өсірген зейнеткер ұсталды

228 рет
көрсетілді

Алматыда үйлердің бірінен есірткі жылыжайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылыжайға қаладағы Медеу ауданының 74 жастағы тұрғыны иелік еткен.

«Тексеру барысында есірткіні жылыжайда өсіру дерегі анықталды. Қарасораға ұқсайтын өсімдік егілген құмыралар табылды. Сот-химиялық сараптамасы тағайындалды», деді Медеу аудандық ПБ бастығы Дәурен Өтебаев.

Зейнеткер есірткіге осыдан он бес жыл бұрын әуестенгенін, сондықтан оны өзі өсіруге бел буғанын айтқан. Құрамында өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталған.

 

Соңғы жаңалықтар