Knockedoutmma.com сайты UFC Vegas 47 турнирі аясында өтетін Шавкат Рахмонов пен Карлстон Харрис арасындағы жекпе-жекке қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Рахмонов жекпе-жек шебері ретінде жан-жақты шеберлігі басым екені даусыз. Оның деңгейі Харристен бір саты жоғары. Сондай-ақ қазақстандық спортшы қоян-қолтық ұрыста да тәжірибелі екені мәлім. Харрис тік тұрып жұдырықтасса ғана жеңуі ықтимал. Өйткені Харристің соққысы жойқын. Әйткенмен жылдамдық пен шеберлік өзінікін істейді. Сондықтан Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңеді» дейді сайт авторы.