Қазақстандық атлеттер Данил Васильев пен Сергей Ткаченко трамплиннен секіру бойынша біліктілікте Бейжің Олимпиадасындағы жарыстың келесі раундына іріктелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарысқа Данил Васильев пен Сергей Ткаченко қатысты. Екі спортшы да турнирдің бірінші раундына шыға алды.
Біліктілікте Данил Васильев - 46,2, ал Сергей Ткаченко - 43,1 балл иеленді. Бұл отандық спортшыларға кедергілерді оңай жеңуге мүмкіндік берді.
Жалпы, біліктілікке 53 спортшы қатысып, олардың 50-і негізгі кезеңге шықты. Біліктілік іріктеу қағидалары бойынша бірінші негізгі раундқа ең жоғары көрсеткіштері бар 50 қатысушы шығады. Бағдарламаның осы түріндегі медальдар ертең, 6 ақпанда ойнатылады.