• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 05 Ақпан, 2022

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы тағайындалды

708 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов Қызылорда облысы бойынша Департаменттің жаңа басшысы Рүстем Ақмырзаевты таныстырды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Рүстем Ақмырзаевқа табыс тілеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі органдармен белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Рүстем Ақмырзаев 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Салық полициясы органдарында бастады.

2001 жылдан 2018 жылға дейін қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Атап айтқанда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып жұмыс істеген.