Алматы қаласының орталығында қару-жарақ арсеналы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қару-жарақтар осы жылдың қаңтар айының басында орын алған тәртіпсіздіктердің эпицентрінде табылды.
«Жедел іс-шаралар жүргізу барысында мемлекеттік музей жанынан қару-жарақ табылды. Травматикалық қару мен гранаталар арнайы жасырын жерден табылды. Қоқыс жәшігінен жақын жерде қаруға тиесілі патрондар табылды: 12 калибрлі - 19 дана, 7.62 калибрлі - 7 дана, 5.45 калибрлі - 4 дана», деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.