Фристайл-могулдан ерлер арасындағы жарыс өз жалғасын табуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
2-финалда қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд кедір-бұдыр трассадан сырғанап секіргені үшін 76,77 ұпай еншілеп, сегізінші орынға ие болды.
Осылайша ол тек алты атлетке жолдама берілетін 3-ші финалға жете алмады.