Қазақстандық София Николайчук Киевте өткен семсерлесуден әлем кубогының юниорлық кезеңінде үшінші атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Бұл раундта оған ресейлік Яна Бекмурзова қарсы тұрды.
Айта кетсек, Бекмурзова финалда отандасымыз Анастасия Назарованы жеңіп, алтын медальға ие болды.