Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желі арқылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тезірек сауығып кетуін тілегені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Президент Тоқаев мырза, мен сізге өзімнің және менің жұбайым Эминаның атынан ізгі тілектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Бауырлас Қазақстан халқына сәлем мен махаббат жолдаймын», деп жазды Режеп Тайып Ердоған Twitter-де.