WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Тайсон Фьюри отандасы Энтони Джошуа мен WBA (super), IBF, WBO, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, украиналық Александр Усиктің шеберлік деңгейін салыстырды, деп хабарлайды Egemen.kz BoxingScene-ге сілтеме жасап.
«Менің ойымша Энтони Джошуа жетер жеріне жеткен боксшылардың бірі ғана. Ол АҚШ-қа келгенде бос белбеу Энди Руиске есе жіберді. Сондықтан мен оны ешқашан мықты боксшылардың қатарына жатқыза алмаймын. Мен Джошуаны қолынан түк келмейтін қатардағы біреу дер едім. Салмағы өзінен анағұрлым жеңіл Александр Усикпен кездескенде де жеңіліп қалды. Егер ол қарымта кездесуде Александр Усикті жеңе алмаса, кәсіби мансабы аяқталды деуге де болады. Рас, Усик осал боксшы емес. Джошуаның қасында оны Мохаммед Әли деп атасақ қателеспейміз. Әйткенмен оны жеңу аса қиын мәселе емес», деді Тайсон Фьюри BoxingScene-ге берген сұхбатында.