• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2022

Ұстаздардың шотынан ақша ұрлаған алаяқ ұсталды

302 рет
көрсетілді

Түркістан облысында мұғалімдерді алдап, ақшаға қарық болып келген алаяқ ұсталды. Ол ұстаздардың есеп шотынан өзіне қаражат аударуды әдетке айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

tengrinews.kz тартатқан ақпаратқа сүйенсек, Шардарадағы аудандық полиция бөліміне бірнеше мектеп шоттарынан, дұрысы мұғалімдердің жалақысынан басқа шотқа ірі сомадағы қаржыны заңсыз аудару дерегі бойынша хабарлама түскен. 

«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары алаяқтың шоты мен күдіктінің жеке басын анықтаған. Оның Алматыда екені белгілі болды. Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқты ұстап, оны аудандық полиция бөліміне жеткізді», делінген хабарламада.

Күдіктінің бұрын қаржы саласында жұмыс істегені анықталған. Ол өткен жылы жұмысынан босап, Алматыға ат басын бұрған.

Кейін жеке деректерді пайдаланып, 40-тан аса мұғалімнің жалақысын өз шотына аударып алған. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асып жығылған. Күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді», делінген хабарламада.

Дерек қылмыстық кодекстің «Алаяқтық», яғни, 190-бабы бойынша тіркелді. Күдікті қамалған.