• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Ақпан, 2022

L-Capital компаниясына қатысты тергеу аяқталды

444 рет
көрсетілді

L-Capital компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп бітті. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Министрліктің жетекшілік етуімен арнайы прокурорлар қызметі Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы және Атырау облысында «L-Capital» (Искандеров Г. И Жантелесова Т.) компаниясына қатысты қылмыстық істі қарады. Компания салымшыларды бағалы қағаздарға инвестиция құюға шақырған», деді Санжар Әділов министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған ұйым қызметінен 300-ден астам адам зардап шеккен.

«Келген шығын көлемі 260 млн теңгеден асып түсті (32 мың АҚШ доллары). Бүгінде қылмыстық іс соңына жетті. Қазіргі уақытта қатысы бар жандар іспен танысып жатыр», дейді ол.

Еске сала кетсек, былтыр Алматы полициясына «L-Capital» компаниясынан зардап шеккен салымшылар жүгінген еді.