• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Ақпан, 2022

Қазақстандық таеквондошылар Фуджейрадағы турнирде топ жарды

145 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейро қаласында таеквондодан рейтингілік Fujairah Оpen турнирі өтіп, қазақстандық спортшылар жүлделі орындардан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстан командасы жалпы есепте 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. 

54 килода Саят Төреқұл алтыннан алқа тақса, Дүйсенбек Әзірет, Нұрлан Мырзабаев және Наргиза Қойшыбек күмісті қанағат тұтты. 

Ал Смайыл Дүйсебай мен Нұрбек Жамшаев қола жүлдегерлер қатарында.