• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2022

Ауыр қылмыстары анықталғандар ғана қамауға алынады – Ризабек Ожаров

516 рет
көрсетілді

Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оларға қатысты деген күдікке ілінген 467 адам қамауға алынғаны мәлім болды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Олардың жеке басы мен отбасылық жағдайы, жасын, денсаулығы тағы басқа мәселелер назарға алынды. Істеген тірлігіне көзқарасын және басқа да сипаттайтын деректерді жан-жақты талдаймыз.

Барлық деректерді талдаған арнайы прокурорлар 76 күдікті тергеу изоляторынан босатты. Қамауға алу ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемемен, үйқамақпен және жеке кепілдікпен ауыстырылды», деді ол.

Ризабек Ожаровтың айтуынша, олардың арасында екі әйел мен тоғыз кәмелетке толмаған балалар бар.

«Тергеу изоляторларында кездейсоқ тұлғалардың жоқтығын ашық айтамыз. Тек ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы айғақтары барлар ғана қамауға алынады», деді ол.