• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Президент 07 Ақпан, 2022

Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысын қабылдады

646 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады. Кездесу барысында Президент Nur Otan партиясын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Партия төрағасының айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге  және жедел әрекет етуге тиіс.  

Мемлекет басшысына партияның жұмысын қайта құру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Асхат Ораловтың айтуынша, саяси ұйымның Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесе отырып, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған жол карталарының жүзеге асырылуы бойынша жүйелі талдау жүргізіліп жатқанын баяндады.

Соңғы жаңалықтар