• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Ақпан, 2022

Алматыда 200-ден аса кәсіпкер өтемақы алды

205 рет
көрсетілді

2022 жылғы қаңтарда жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен ШОБ субъекті­лері­не келтірілген шығындарды өтеу үшін ай­мақ­тық комиссияның кезекті отырысын­да 337,4 млн теңге сомасына 204 өтінім мақұлданды.

Оның ішінде 208,3 млн теңге сомасына 111 өтінім «Жаңа Алатау» қайырым­ды­лық қоры арқылы жіберілді (Мемлекеттік кірістер де­пар­таментінің деректері бо­йынша айналымы жоқ 3 млн теңгеге дейінгі шығын сомасы бар кәсіпкерлер үшін); 93 кәсіпкерге 129,1 млн теңге сомасында өтемақы бюджеттен төленеді (айналым бойынша ресми деректерге сәйкес, есеп айырысу­дың оңайлатылған формуласы бо­йынша мәлімделген шы­ғын­ның толық сомасына). Комиссия жұмысы басталғаннан бері барлығы 370,3 млн теңге сомасына 221 өтінім мақұлданды.

Комиссия жұмысы жал­ғасуда. Кәсіпкерлер­дің өті­німдері ұсынылған құжаттар­дың толықтығына орай мұқият зерделенеді және Комиссия мүшелерінің ашық дауыс берулері арқылы қаралады.

Еске салсақ, бұрындары аймақтық комиссия залалды өтеу тетігіндегі кемшіліктерді анықтап, өзінің жақсарту сипатындағы ұсыныстарын енгізген еді. Осылайша, төлемдердің шекті сомасы 5 млн теңгеге дейінгі жеңіл­детілген тетік бойынша залал­ды өтеу тетігі көзделген. Бұл зардап шеккен бизнес субъек­тілерін қамтуды едәуір кеңей­туге және өтемақы төлеуді жедел­детуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджет қара­жатымен қатар қор­лардың жеке қаржысынан да тө­лемдер қарастырылған. Өтем­ақы төлеу тетігін жетіл­­­діру жөніндегі жұмыс жал­ғасуда.