Бүгін, 8 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстанның тоғыз спортшысы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. Qazaqstan телеарнасы жарысты тікелей эфирде сағат 13:50-де көрсетеді.
Ал қазақстандық екі биатлоншы Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады. Биатлон сағат 14:20-ға жоспарланған. Тікелей эфир «Хабар» арнасында.
Сағат 14:50-де ерлер арасында спринттен іріктеу басталады. Оған Қазақстан атынан Евгений Величко мен Виталий Пухкало қатысады. Тікелей эфир Qazsport арнасында.
Сағат 16:25-те конькиден жарыс басталады. Ерлер арасында Дмитрий Морозов 1500 метр қашыққа финалда өнер көрсетеді.