• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Ақпан, 2022

Саясаттанушы: Біздің органдар шеруге шыққан адамдарды жау есебінде көреді

270 рет
көрсетілді

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбат барысында осындай ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өр­ке­ниетті елдерде полиция жиынға шыққан адам­дарды қорғайды. Біздің полиция ке­рісінше жиынға шыққан адамдар­дан басқаларды қорғаймыз дейді. Өкінішке қарай, біздің органдар шеруге шыққан адамдарды жау есебінде көреді. Бұл – кеңестік кезден қалып қойған психология. Одан арылмай, алға баса алмасымыз анық. Бұл тұрғыдағы сауатымызды һәм көзқарасымызды дұрыс жолға қоймасақ, полиция мен халық бір-біріне өшіге береді. Кеңестің кезінен санамызға сең болып қатқан көзқарастарды өзгертпей, осындай нәзік мәселелерді сауатты деңгейге көтермей, қоғам тыныштығына кепіл болу қиын. Құқықтық құрылымдарды қарумен қамту, санын көбейту, оқытудан бұрын мамандардың ішкі психологиясын өзгерту керек. Өкінішке қарай, бізде осы менталитет өзгермей тұр. Және бұл мәселенің екі тарапқа да қатысы бар»,  деді Дос Көшім.