• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Теннис 08 Ақпан, 2022

Анна Данилина жұптық сында әлемдік рейтингіде 24-орынға көтерілді

169 рет
көрсетілді

Қазақстандық Анна Данилина әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Данилина бұған дейін жұптық сында 25-орында тұрса, енді 24-сатыға көтерілді. Бұл оның үздік көрсеткіші болып табылады.

Сондай-ақ Елена Рыбакина мен Жібек Құламбаева жұптық сында сәйкесінше 50-інші және 308-сатыға жоғарылады. Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Е.Рыбакина бұрынғысынша 12-орында келеді.

Юлия Путинцева 42-ден 41-ге, Зарина Дияс 118-ден 117-ге жоғарылады. Е.Рыбакина осы аптада басталған Санкт-Петербург WTA 500 турнирінде 3-ракетка болып тіркелген. Ол бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 81-сатыдағы ресейлік Варвара Грачевамен өткізеді.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланды) ATP 500 жарысында бақ сынайды. Ол алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, қазір рейтингте 95-орында тұрған атақты ұлыбританиялық Энди Марреймен күш сынасады.

Егер Е.Рыбакина мен А.Бублик осы айтулы додаларды сәтті өткізсе, рейтингіде жоғарылайтыны анық. Тағы бір қазақстандық, рейтингте 165-орындағы Михаил Кукушкин Шербур (Франция) челленджер турнирін сәтті бастады. Ол алғашқы қарсыласы, әлемнің 113-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачты 6:3, 6:2 есебімен ұтты.