DAZN қызметі жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Джордж Камбосос пен WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дэвин Хейни арасындағы шайқасты өткізуге құлықты емес, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы кәсіпқой бокс сарапшысы Дэн Рафаэль өзінің твиттерінде ақпарат таратты.
«Қазіргі кезде Джордж Камбосос пен Дэвин Хэйни арасындағы шайқас талқыланып жатыр. Сондай-ақ, Райан Гарсияға қарсы кездесу де назардан тыс қалған емес. Бір анығы DAZN үшін Камбосос-Хэйни кездесуі маңызды емес. Егер Камбосос Ломаченконы таңдаса, жекпе-жек ESPN платформасында, ал Гарсияға таңдауы түссе, шайқас DAZN-да өтеді», делінген сарапшының жазбасында.