Тағайындау 08 Ақпан, 2022

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының жаңа капитаны анықталды

515 рет
көрсетілді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының жаңа капитаны болып Қорлан Жақанша тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қорлан Жақанша грек-рим күресінен құрамамыздың жаңа капитаны болды. Ол әлем чемпионатының, Азия чемпионатының, сондай-ақ әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Ол біздің жігіттерді лайықты түрде жеңістерге жетелейді деп сенеміз!», деп хабарлайды Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі Instagram желісінде.