• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Ақпан, 2022

Бірнеше өңірде көктайғақ болып, тұман түседі

543 рет
көрсетілді

Синоптиктер 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда атмосфералық франталды бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстан аумағының басым бөлігіне қар жауады, тек республиканың оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз. Бірнеше өңірде көктайғақ болып, тұман түседі. 

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Жамбыл облысының солтүстік–шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Түнде Қостанай облысының шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, түнде облыстың шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын болып, облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. 

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жел секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түсуі ықтимал.