• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 10 Ақпан, 2022

Менде тәжірибе жетіспеді – Әділ Ғалиахметов

287 рет
көрсетілді

Қазақстандық шорт-трекист Әділ Ғалиахметов Бейжіңдегі қысқы Олимпиада жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы жылдары біз үлкен жұмыс атқардық. Біз Қазақстанда шорт-трек дамып келе жатқанын көрсеттік. Барлық жанкүйерлерге үлкен алғысымды білдіремін. Instagram, әлеуметтік желілерге жазып. құттықтап жатыр. Кеше эмоцияға беріліп, бәрін айтып тастадым, қазір сөз жоқ. Ертең біз 500 метрге жарысатын боламыз», деді Әділ Ғалиахметов онлайн-баспасөз конференциясы барысында.

Өз сөзінде спортшы жоғары нәтижеге жету үшін тәжірибесі жетпегенін атап өтті.

«Менің ойымша, менде көп тәжірибе болған жоқ, өйткені шорт-тректе көптеген нюанстар бар, адам басып озған кезде, ол сізді жылдамдықпен өтіп кетеді, сіз оны ұстап алуыңыз керек, жылдамдықты арттырып, сәл кетіп қалуыңыз керек. Менде бұл тәжірибе жетіспеді, мен әлі де жылдамдықты арттырып, ұстап алғым келгенде, олар мені үнемі басып озды. 500 метрлік дистранцияда - менің ойымша, бәрі тәжірибемен келеді және мен уақыт өте келе жақсы өнер көрсететін боламын. 500 метр қашықтықта Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев бар. Олар кеше финалда болған спортшылардан озып кетті. Менің ойымша, бүгінгі жаттығу кезінде біз жақсылап жаттығып, қандай формада екенімізді тексеріп, нәтижесін ертең көрсетеміз», деді Әділ Ғалиахметов.

Айта кетсек, қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада 1500 метр қашықтықта топ-10-ға кірген спортылардың бірі.