• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Ақпан, 2022

«Қазақстан халқына» қорына қанша қаражат жиналды?

319 рет
көрсетілді

«Қазақстан халқына» қорының шотына ірі бизнес өкілдері, компаниялар мен жеке тұлғалар 116,8 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы жылдың 16 қаңтары мен 9 ақпаны аралығында заңды тұлғалар мен ірі бизнесмендер 116 млрд 762,6 млн теңге сомасына 215 төлем жасады.

Сондай-ақ, 69 695 жеке тұлғадан 55 млн теңге түсті.

«Қор Қазақстандағы қайырымдылықтың дамуына үлес қосқандардың барлығына алғыс білдіреді», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар