• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2022

Отыз алты жылда 18 220 шақырым жүрген

313 рет
көрсетілді

Жақында әлеуметтік желіні парақтап отырып, облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұрған бір жәдігер жайлы қызық мәліметке жолықтық. Қызығы сол, 1986 жылы Кеңес Одағының автокөлік өндірісіндегі ірі кәсіпорын Горький автомобиль зауытынан ГАЗ-24 маркасымен небәрі 4 «Чайка» көлігі шығарылады. Соның бірі халық шаруашылығындағы ең жоғары көрсеткіштерге жеткен Қызылорда облысына бұйырыпты.

Сол тұста облыстық партия комитетін Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбеков басқарып отырған-ды. Көлікті жеткізу облыстық атқару комитетінің төрағасы Виталий Брынкинге жүктеліпті.

Сонымен тапсырманы орындауға жіберілгендерді Внуково әскери аэропортынан күтіп алғандар жабық ғимаратқа әкеліп, қатар тұрған 4 көліктің біреуін таңдатады. Сол жерден әскери ұшаққа тиелген «Чайка» Байқоңырға жет­кізіліп, ғарышкерлер қа­ла­сында көлікке отырған жүр­гізушілер облыстық партия комитетінің гаражына кіргізеді. Сол күннен еш­кім мінбеген қымбат көлік 2005 жылы облыстық тарихи өл­кетану музейіне сый ретінде тапсырылыпты.

– Халықаралық музейлер күніне орай жыл сайын «Музейге сый» акциясын өткізіп, келушілер осы көлікті тамашалайды. Балалар да, үлкендер де сирек көлікке мініп, суретке түседі, – дейді музейдің бас қор сақтаушысы Аманкүл Дүйсенбайқызы.

Ұзақ жыл гаражда тұрған қымбат автокөлікті облыстық партия комитетінен, кейін оның орнын басқан әкімдіктен еш­кімнің іздемегені, пайда­лан­бағаны түсініксіз болып отыр. Жалпы, техникаға қа­тысты мәліметтің бәрін зерт­теп, қаттап жүретін ресей­лік­тердің дерегінше сол елден шыққан көлік жылына орта есеппен 17 500 шақырым жол жүру керек екен. Ал музей аула­сында тұрған «Чайканың» киломертажы 36 жылда бар болғаны 18 220 шақырым жүр­генін көрсетіп тұр.

 

ҚЫЗЫЛОРДА