Әлемдік рейтингтің көшбасшысы, сербиялық теннисші Новак Джокович Индиан-Уэллс додасына коронавирусқа қарсы вакцина алмауына байланысты қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Деректерге зер салсақ, сербиялық теннисші турнирге қатысатын спортшылардың тізіміне енген. Алайда ол АҚШ-қа ұшып барған кезде мәселе туындауы ықтимал. Өйткені спортшы коронавирусқа қарсы вакцина алуға түбегейлі қарсы. Негізі турнирге вакцина алмаған спортшыларға қатысуға рұқсат берілген. Бірақ, АҚШ-та шекарадан өту кезінде қатаң бақылау бар екенін ұмытпаған ләзім. Джоковия вакицна алмауына байланысты бұған дейін Australian Open додасынан тыс қалған болатын.