Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов отандасы Шавқат Рахмоновтың Хамзат Чимаевты жеңу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
«Екі спортшы да күрес түрлерін жақсы меңгерген, сондықтан нақты болжам жасау қиын. Шавқаттың да, Хамзаттың да соққылары мығым. Шавқатпен жақсы араласқандықтан оны толықтай білемін. Ал Хамзаттың соңғы раундтардағы функционалдық дайындығы туралы ештеңе айта алмаймын. Екеуі де қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп жүр. Егер жекпе-жек соңғы раундтарға дейін жалғасса, Шавқаттың жеңімпаз атануға барлық мүмкіндігі бар деп ойлаймын», деп түйіндеді Сергей Морозов өз ойын.