• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2022

Алматы облысында жол жабылды

256 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» және «Алматы-Өскемен-Қапал-Арасан» автожолдарындағы қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«12 ақпан күні сағат 18:30-дан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, нөлдік көріну, қатты боран) «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында (84-184 км), сондай-ақ «Алматы-Өскемен - Қапал-Арасан» (0-45 км) облыстық маңызы бар автожолында қозғалыс тоқтатылды», деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.