Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Катар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Турнирдің бірінші кезеңінде отандасымыз словакиялық Йозеф Коваликке қарсы кортқа шықты. Бір сағат 43 минутқа созылған ойын қорытындысында Ковалик 6:4 және 7:6 есебімен басым түсіп, екінші кезең жолдамасын иеленді.