Ауа-райының күрт өзгеруіне орай «Нұр-Сұлтан - Теміртау» тас жолы жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жол 12 ақпан күні кешкісін жабылған. Тас жолдың жабылуына Нұр-Сұлтан және Қарағанды облысында қатты боранның соғуы себеп болған.