• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 13 Ақпан, 2022

Юбенк Головкинмен стадионда жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

365 рет
көрсетілді

Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Крис Юбенк IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкинмен стадионда жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Ағылшын премьер-лигасында ойнайтын «Брайтон» командасының стадионында Геннадий Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Бұл жаққа туристер жиі ат басын бұрады. Сондықтан дәл осы стадионда тамаша жекпе-жек өткізу — менің мақсатым», дейді ағылшын боксшысы.