• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2022

Алматының рухани өміріне белсенді араласуға мүмкіндік алады

566 рет
көрсетілді

 «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын қолдау аясында Алматы қалалық Мәдениет басқармасы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында қоғамдық, ғылыми-өндірістік және мәдени қарым-қатынас орнату туралы Ынтымақтастық келісім шарты жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзара тиімді қоғамдық ғылыми-өндірістік және мәдениет салалары бойынша әріптестік жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Алматы қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор Дархан Билялов қол қойылған меморандум келесідей мүмкіндіктерге жол ашады: Басқарманың құрылымдық бөлімдері мен мекемелері жергілікті өзін-өзі басқару жұмыстарын дамыту бағытында отандық және шетелдік ғылымдардың жаңа жетістіктерін енгізу үшін, университеттің - «5В050500-Аймақтану», «8D03110- Регионоведение», «6В02202-Тарих (ғылыми бағыты)», «5В020300-Тарих» мамандығының бакалавриат, магистратура, докторантурадағы білім алушы-зерттеушілерінің ғылыми-өндірістік тәжірибелерін жүргізуге қолдау көрсетеді және мәдени қарым-қатынастардың орнауын әрі қарай тереңдетеді.

Келісім аясында университет студенттері Алматының мәдениеті мен рухани өміріне белсенді түрде араласады, соның ішінде шалғай аймақтардан келген жастардың азаматтық дағдылары мен тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты дамуына тәрбиелейтін қаланың тарихи нысандарына баруға кең мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушы тараптар іскерлік-ынтымақтастық қарым-қатынастарды жандандырудан бөлек, Рухани жаңғыру мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, сол бағытты күшейту мақсатында серпін беретін ортақ жобаларды дамыта беруге уағдаласты. Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Билялов, Ынтымақтастық келісім-шартын жасауға қолдау білдірген Алматы қаласы Әкімдігіне, Мәдениет басқармасының басшылығына ерекше алғысын айтып, өзара әрекеттестік қызметтердің нәтижелі болатындығына зор сенім білдірді.

 

АЛМАТЫ