• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2014

Жаһандық саммит аясындағы кездесулер

384 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті. Кездесу барысында екі­жақты ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелері қозғалды. Бұған қоса, халықаралық күн тәртібінің негізгі жайттары, соның ішінде Украинадағы жағдай қаралды. Тараптар басты назарды ядролық қарусыздану мен ядролық қауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ, сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-тех­ни­калық және энергетикалық ынтымақтастық аясын кеңейту бағыттарына аударды. Сондай-ақ, тараптар Гаага қаласында өтеді деп жоспарланған Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі жаһандық саммит бағдарламасын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Нидер­ланд Қазақстан үшін Еуропалық Одақтағы негізгі және перспек­тивалы серіктесінің бірі екеніне тоқталып өтті. Оның айшықты айғағы – екі елдің түрлі сала­лар­дағы белсенді сауда-инвес­ти­циялық ынтымақтастығы. Ни­дерланд еліміздің экономика­сына салынған инвестиция кө­ле­мі жөнінен бірінші және сау­да серіктестеріміз арасында жетекші орын алады, Қазақстанда Голландия капиталы салынған 800-ге жуық компания өз қызметін жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы ауыл ша­руа­шылығы мен инновациялық са­ладағы екіжақты өзара ықпал­дас­тықтың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, Голландия компанияларын Астанадағы ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесінің жұмы­сына белсене қатысуға шақырды. Сонымен қатар, тараптар су ресурстарын тиімді басқару және экология, екі елдің транзит-кө­лік әлеуеті мен логистикалық инфра­құрылымын дамыту мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Екі мемлекет басшылары екі­жақты ынтымақтастықты дамы­тудың негізгі ба­ғыт­тарын, сон­дай-ақ, Си Цзинь­пиннің Қазақ­стан­ға мем­ле­кеттік сапары қоры­тын­ды­сында қол жет­кізілген келі­­­­­­­сімдердің іске асыры­луы бары­­­­сын қарас­тыр­ды. Сонымен қатар, тарап­тар халықаралық күн тәрті­­бін­дегі негізгі жайттарды, атап айт­қанда, Шанхайда өте­тін АӨСШК-нің алдағы саммитін және Украи­на­дағы жағдайды талқы­ла­ды. Кө­лік-транзит және су-энерге­тика сала­ларындағы байланыстарды ­ны­ғайту мәселелеріне де баса назар аударылды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Королі Виллем-Александрмен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Ни­дерланд арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде мәдени-гума­­­­­­нитарлық өзара ық­палдастық аясын кеңейту перс­пек­ти­­­­валары талқыланды. Нидер­ланд Королі Қазақстанның және Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан­дық ядролық қауіп­сіз­дікті нығай­туға зор үлес қосқанына тоқталды. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына септігін тигізетіні атап өтілді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқым­дағы мәселелері қозғалды. Нұр­сұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ өзара ықпалдастық аясын, атап айтқанда, екі елдің бірқатар компаниялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыра түсу үшін перспективалар бар екенін атап өтті. Қазақстан Президенті еліміздің серіктестікті дамытуға деген мүд­делілігі жоғары екеніне тоқталды. – Мен Жапонияда сапармен екі рет болдым. Біз Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайту туралы сіздің идеяңызды қолдаймыз. Жапония – әлемдегі экономикасы ірі елдің бірі, Азиядағы біздің көршіміз. Соңғы уақытта қарым-қатынастарымыз арта түсті және бұл ретте біз бар­лық бағыттар бойынша ынты­мақтастыққа дайынбыз. Өзара ықпалдастығымыздың негізгі саласы – энергетика, әсіресе, ядро­­лық энергетика. Қазақстан ірі уран өндірушінің бірі болып та­былатындықтан, оны Жа­по­ния­да­ғы атом стансаларына жеткізе алар еді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назар­баев бірлескен жобаның – Ақ­мо­­ла облысында сирек кезде­се­­тін металдар өндіретін зауыт жұ­­­мыс істейтінін айтып өтті. Бұдан­­ бөлек, ол Қазақстанның ин­­дус­­­­триялық-инновация­­лық бағ­­­дарламасы аясында екі елдің ара­­­сында технологиялық және инно­­вациялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне де назар аударды. Өз кезегінде С.Абэ өткен жылы Санкт-Петербургте алғаш рет өткен G-20 саммитінен кейін екі­жақты кездесуге мүмкіндік болғанына ризашылығын білдірді. – Сіздің Жапонияға 2008 жылғы сапарыңыз экономикалық қаты­настарды нығайтуға жақсы сер­пін берді, сөйтіп, стратегиялық дең­гейге қол жеткізілді. Қазақ­стан­ның Ауғанстандағы жағдайды тұрақ­тандыруға елеулі көмек көрсе­тіп жат­қанына ілтипатымыз бен риза­шылығымызды білдіремін. Біз Сіздің еліңіздің Жапония және Орта­лық Азия өңіріндегі елдермен ара­да үнқатысу орнатуға көмегі тие­тініне де үміт артамыз, – деді С.Абэ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті. Кездесу барысында екіжақ­­­­ты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары тал­­­­қы­­­­лан­­­­­ды. Мемлекеттер бас­­­шылары сау­­­да-экономикалық, технология­лық және инвес­­­­ти­­­ция­лық салаларда­ғы өз­ара ықпал­­­дас­­­тықты нығайту жол­­да­­рын қарастырды. Қазақстан Президенті С.Ниинистёнің біздің елімізге өткен жылғы мемлекеттік сапарынан кейін екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жандана түскенін атап өтті. – Қазақстан сіздердің технологияларыңызға, сондай-ақ, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды ескере келе, білім беру жүйесін дамытудағы тәжірибелеріңізге қызығушылық танытады. Сіздің сапарыңыздың қорытындысында коммерциялық компаниялармен құны 100 миллион долларлық келісімдерге қол қойылды, ал тауар айналымының көлемі 1 миллиард долларға жетті, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл кездесу бүкіл әлемде жаһандық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор мәні бар саммит аясында өтіп жатқанына да тоқталды. – Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және Семей ядролық полигонын жапқан ел ретінде бұл іс-шараға тікелей қатысы бар. Біз мұндай форумдардың өткізілгеніне қуа­ныштымыз, өйткені, олар тұрақ­­сыздық және қалыпты құры­­лым­ды бұзатын күштердің ядролық қаруды иелену тәуекелі артып отырған жағдайда ерекше қажет, – деді Қазақстан басшысы. Финляндия Президенті Ас­танаға былтырғы сапары кезінде өзінің зор таңданысын туғызған әсерімен бөлісті. – Менің сапарымның нәти­­­желері көп үміт күтерліктей болды. Екіжақты сауда көрсеткіштері өсті. Финляндия іскер топ­та­рының Сіздің еліңізбен ынты­­мақ­тастықты дамыту үшін өзара ықпалдастыққа мүдделілігі арта түскенін атап өтпекпін, – деді С.Ниинистё. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Фран­цуз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті. Мемлекеттер басшылары ортақ қызығушылық тудырып отырған түрлі салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейту жайттарын талқылады. Сауда-экономикалық ынты­­­­мақ­­тастықты да­­­­мы­­туға, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Фран­­цияға сапары аясында қол жет­­­кі­зілген келі­­­сім­­­дердің іске асы­рылу ба­рысына да баса назар аударылды. Бұған қоса, екі елдің басшылары халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті.  Кездесу барысында Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды. Атап айтқанда, тараптар сауда-экономикалық, ин­вес­тициялық және мұнай-газ салаларындағы екіжақты ынты­мақтастық аясын кеңейту бағыттарын қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін де қозғады. *   *   * Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаа­гадағы Ядролық қауіп­сіз­­­­­дік жөніндегі саммит аясын­да­ екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен келіссөздер барысында біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық бағдарламалары аясындағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Бұған қоса, тараптар саммит жұмысының аралық нәтижелерін, сондай-ақ Қа­зақстанның ядролық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету үдерісіне қатысу аспектілерін қозғады. *   *   * МАГАТЭ Бас директоры Юкия Аманомен кездесуде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық сам­­миттің күн тәртібіне ен­гізілген мәселелердің қо­ры­тындылары қозғалды. Әңгімелесу барысында Қазақстанның МАГАТЭ қызметі аясындағы бастамаларына қатысты пікірлер алмасылды. Сондай-ақ, біздің еліміз­­­дің ядролық қауіпсіздік қағи­даттарын ілгерілету және ядро­лық қаруды таратпау үдерісіне қатысу мәселелері талқыланды. *   *   * Пәкістан Ислам Рес­пуб­­­­­ликасының Премьер-ми­нис­трі Наваз Шарифпен кез­­­­десу кезінде сауда-эко­но­микалық, ғылыми-тех­ни­ка­­лық салалардағы өз­ара ықпалдастықты дамы­ту пер­с­­­пек­тивалары талқыланды. Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін де қозғады. *   *   * Әзербайжан Респуб­­­­­ли­касының Президенті Ильхам Алиевпен әңгі­мелесу барысында сау­да-экономикалық, инвес­тициялық және отын-энергетикалық ынты­мақ­тастықпен қатар, екі­жақты қарым-қаты­нас­тарды дамытудың негізгі бағыттарына қатысты пікір алмасулар болды. Мемлекет басшылары өңір­­­­­лік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін де қозғады. Бұдан басқа, Нұрсұлтан На­зарбаев пен Ильхам Алиев өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйі мен халықаралық күн тәр­тібінің өзекті жайттарын талқылады.