Әлемнің 41 ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дубайда өтіп жатқан WTA 500 турниріндегі жеңісті жорығын жалғастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннисшісі іріктеу кезеңінің жартылай финалында польшалық Магдалена Фрешке қарсы кортқа шықты. 1 сағат 26 минутқа созылған кездесуде сауатты ойын өрнегін көрсете білген Юлия Путинцеве 6:2, 6:1 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Енді ол чехиялық Маркета Вондроушовамен кездеседі. Аталмыш кездесуде мерейі үстем болса, негізгі аламанға қатысу мүмкіндігіне ие болады.