• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 14 Ақпан, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

265 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедов екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын, оның ішінде Қазақстан Президентінің былтырғы қазан айында Ашхабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Президенттер өзара сауда-саттық көлемінің артқанына, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың жанданғанына көңілдері толатынын тілге тиек етті. Әңгіме барысында қос елдің Президенттері бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейту ниеттерін жеткізді.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдайтынын мәлімдеді.