Америкалық аралас жекпе-жек шебері Дастин Порье ирландиялық Конор Макгрегормен төртінші мәрте октагонда кездескісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Конор екеуміздің жекпе-жектерімізге тән тарих соңына жетті. Мен онымен алғаш рет жартылай жеңіл салмақта кездестім. Арада жеті жыл өткеннен кейін жеңіл салмақта екі мәрте басым түстім. Онымен төртінші мәрте кездесудің мәні жоқ сияқты. Расында да біздің шайқастар тарих қойнында қалды. Ал онымен бір ғана жағдайда төбелесуге болады. Әрине, қомақты қаржы үшін екені рас. Оны екі мәрте жеңдім. Үшінші рет Конорды бұрынғыдан да жылдам жеңе аламын ба деген ғана қызығушылық болмаса, басқа түк жоқ.
Ендігәрі мен үшін маңызы зор шайқастарға ғана шығамын. Нейт Диаздың шайқастарын көріп өскен адаммын. Диаздың үлкенін де, кішісін де сыйлаймын. Стилдік тұрғыдан екеуміздің жекпе-жегіміз жанкүйерлер үшін қызық болады деп пайымдаймын. Бұл – жыл жекпе-жегі. Мен тек сондай кездесулерге қатысқым келеді», дейді спортшы.