• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Ақпан, 2022

Нұр-Сұлтан әуежайында он рейс кешіктірілді

243 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бірқатар рейстер кешіктірілуде. Бұған елордадағы метеожағдай себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов қажетті ақпаратты авиакомпаниялардың байланыс орталықтарында білу қажет екенін айтты.

«Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан елордадағы метеожағдайға байланысты ұшып кетуге 10 рейс және ұшып келуге жеті рейс кешіктіріледі. Өзекті ақпаратты білу үшін жолаушыларды авиакомпаниялардың колл-орталықтарына жүгінуін сұраймыз», деді Анвар Шалекенов.

Бұдан басқа, ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан бойынша бірнеше республикалық жолдар жабылды. Кейбір жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Еске сала кетсек, 15 ақпанда синоптиктер ел аумағында боран мен қатты желді болжады.