Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада ерлер арасында шаңғы қоссайысынан үлкен трамплин секіру (К-125) сайысынан жарыстар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған сайыста Қазақстан намысын Шыңғыс Рақпаров қорғады. Ел атлеті жарыс қорытындысы бойынша 111,5 метр қашықтыққа «ұшып» 69,6 ұпай жинады. Нәтижесінде 38-орынға тұрақтады.
Бұл сында үздік нәтижені Норвегия өкілі Ярл Магнус Рийбер (139,8) көрсетсе, екінші орын эстониялық атлет Кристян Ильвеске (128,7) бұйырды. Ал үздік үштікті жапониялық Риота Ямамото (128,7) түйіндеді.
Енді Шыңғыс Рақпаров елорда уақытымен сағат 17:00-де гундерсен жүйесі бойынша (10 шақырым) ел намысын қорғайды. Бұл оның Бейжің Олимпиадасындағы соңғы жарысы.