• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2014

Әулиеатадан... Апеннин түбегіне

328 рет
көрсетілді

Жамбыл облысынан алғашқы 18 тонна топс Италияға жөнелтілді

Қазақстанның өңделген жүн өнімдерін Италияға экспорттау басталды. Жақында Жамбыл облысынан алғашқы 18 тонна топс (жұқа негіздегі қой жүнінің жартылай фабрикаты) Апеннин түбегіне жөнелтілді. Аталған өнімді жеткізуге «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамына кіретін «ҚазАгроӨнім» АҚ италиялық фирмалардың бірімен мәміле жасады. Жақын арада олар шетелдік әріптестеріне 54 тонна топсты жеткізуді жоспарлап отыр. Қазақстандық компания алдағы уақытта 140 тонна өнім жеткізуге қосымша келісімшарт жасамақшы. Жалпы, ағымдағы жылы 500 тонна өңделген жүн экспортқа шығарылмақшы. Қой жүнінен топс шығару 2012 жылы «ҚазАгроӨнім» АҚ пен «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС бірлескен жобасының нәтижесі. Оны өңдеу барысы италиялық мамандардың бақы­лауымен жүзеге асырылды. Бұл қой жүнінің сапасын жақсартуға және ақырғы өнімді әлемдік стандарттарға сәйкес етуге мүмкіндік берді. Топс өңдеу бойынша жабдық холдинг құрамындағы еншілес компанияның бірі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылық қолдауымен Еуропадан жеткізілген болатын. «ҚазАгроӨнім» АҚ пен VICOTEX S.r.l. ита­лиялық компаниясы арасындағы қой жүні өнімін жеткізу бойынша мәміленің жалпы сомасы 598 мың АҚШ долларын құрайды. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өткізген ұлттық валютаның бағамы өзгеруіне байланысты өнімнің тиімділігі 35 пайызды құрады. Бұл өндіруші тарап үшін қолайлы жағдай тудырды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.