Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты бірқатар республикалық маңыздағы жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар «Глубокое-РФ шекарасы» жолы жабылды.
«Ал қар көшкіні жүру қаупіне орай «Өскемен-Серебрянск» тосжолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынған. Сондай-ақ облыстық маңыздағы Тайынты мен Самар ауылдарының арасындағы жол жабық тұр», делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.