Швецияның атынан сынға түсіп жүрген шешен ұлы Хамзат Чимаев UFC 272 турнирінде өзара кім мықтыны анықтайтын Хорхе Масвидаль мен Колби Ковингтон арасындағы жекпе-жекте кімнің фаворит екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Менің ойымша қызық кездесу болады. Екеуінің мүмкіндігі бірдей болғанымен, фаворит Масвидаль деп ойлаймын. Бұл шайқастың маған қатысы жоқ. Өйткені мен Бернске қарсы шығамын. Содан кейін осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесемін деген ойдамын. Ол жекпе-жекте әлемнің уақытша чемпионы атағы сарапқа салынуы тиіс», деді Хамзат Чимаев өз ойын түйіндеп.