• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 16 Ақпан, 2022

Головкин жаттығуға кірісті

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегінің алдында жаттығуды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаттығу процесін бастағаныма, командаммен қайта қауышқаныма бек қуаныштымын. Жақын күндері Жапонияда өтетін жекпе-жектің датасы жарияланады деген ойдамын. Әзірге дайындықты жан-жақты пысықтап жатырмыз», деп жазды қазақстандық боксшы әлеуметтік желілерде.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин келесі кездесуін WBA (super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы, жапониялық Риота Муратаға қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар