• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2014

Өзекті мәселелер талқыланды

205 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесті. Кездесу барысында­ мемле­­­­­­кет­­ басшылары екі­­­жақ­ты­­­­ сау­­­да-экономикалық қа­­рым-қаты­настар­­­­ды одан әрі ны­­ғайту және дамыту мәселелерін тал­­қы­лады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­станда америкалық бизнес­пен бірлескен 300-дей кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырып отырғанын, бұл сауда-эко­но­ми­калық саладағы қарқынды ынтымақтастықты көрсететінін атап өтті. Қазақстан Президенті мә­лімдегендей, АҚШ – елі­міз эко­номикасының ірі инвес­тор­ларының бірі. Қазақстан басшысы біздің республикамыз Амери­ка ком­па­нияларының индустрия­лық-инно­вациялық даму бағдар­лама­сына белсене атсалысуына мүдделі екенін айтты. Бұған қоса, келіссөздер кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік сау­да ұйымына кіру тақырыбы да қарастырылды және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. АҚШ Президенті Қазақстанның ядролық қарусыздану ісіне зор үлес қосқанын, біздің еліміз бұл салада барлық мемлекеттерге үлгі болып табылатынын атап көрсетті. Сонымен қатар, Барак Обама Ауғанстандағы жағдайды тұ­рақ­­тандыру үшін Қазақстанның көр­сет­кен көмегіне алғысын білдірді.