Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында бүгін әйелдер арасында шорт-тректен 1500 метр қашықтықта сынға түскен Ольга Тихонова жүлдеден тыс қалды, деп жазады Egemen.kz.
Ол мұз айдыда бес спортшымен бірге үшінші топта сынға түсті. Нәтижесінде 2:23,48 уақыт көрсеткішімен төртінші болып мәреге жетті.
Алайда оның жарыс барысында ереже бұзғаны анықталып жарыстан шеттетілді. Осылайша қазақстандық атлет Ақ Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады.