• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Ақпан, 2022

Коронавирус: АҚШ келесі кезеңге дайындықты пысықтай бастады

189 рет
көрсетілді

АҚШ-тың шенділері «омикрон» штамына қатысты жағдайлардың сирей бастауына орай коронавирус індетінен келетін зардаптардың келесі кезеңіне дайындықты пысықтай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Деректерге зер салсақ, АҚШ-тың көптеген штаттары COVID-19 шектеулерін жеңілдете бастағаннан кейін осындай шешім қабылдауға тура келген. CDC келтірген мәліметтерге көз салсақ, дерт жұқтыру дерегі өткен аптамен салыстырғанда 40 пайызға, ауруханаға жатқызу 28 пайызға, ал қайтыс болғандардың орташа саны 9 пайызға азайған.

«Халық COVID-тан сауатты қорғанып, өз-өзін емдей алатын жағдайға жетті деуге болады. Президент дертпен күрес жөніндегі команда болашақты белсенді түрде жоспарлап отыр. Біздің басты міндетіміз - омикронмен күресу», деді Ақ үйдің коронавируспен күрес жөніндегі үйлестірушісі Джефф Зиентс.