Жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген ресейлік аралас жекпе-жек шебері Петр Ян UFC-дегі келесі кездесуінде қарсыласы Алджэмейн Стерлингті нокаутпен жеңгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
«Дәл қазіргі сәтте оның жақсылап дайындалып жатқанына күмәнім жоқ. Мен оған шекеден қарамаймын. Бұрынғыдай барымды салып жаттығып жүрмін. Жалпы менде бір ғана мақсат бар. Әлем чемпионы атағын қайтаруым керек. Алдағы шайқаста мен оны нокаутпен жеңіп, барлық сауалдарға, мәселеге нүкте қоямын. Өйткені алда үлкен жоспарлар бар. Бұрынғы қызбалықты бойымнан сылып алып тастап, қазіргі таңда салқынқандылықпен дайындалып жатырмын», дейді ресейлік спортшы.