• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2022

Семей қаласының тұрғыны 9 қабаттан секіріп кетті

766 рет
көрсетілді

Оқиға 2022 жылдың 16 ақпанында Семейдегі 1 шағын ауданда болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп сақшыларына қала тұрғыны үйдің 9 қабатынан 21 жастағы бойжеткеннің секіріп кеткенін хабарлаған. Кейін биіктен секірген қыздың жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде қайтыс болғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша Затон полиция бөлімі ҚР ҚК 105 бабының 1 бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар